Лента новостей
0

ҚР ИДМ: Қазақстанда «Фоккер-100» ұшағын техникалық актісіз пайдалануға тыйым салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2016 16:31 Zakon.kz
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті «Фоккер-100» әуе кемесін техникалық актісіз пайдалануға тыйым салды, делінген таратылған хабарламада.

«ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр» авиакомпаниясының атына компанияның инженерлік-авиация қызметінің басшысына шассидің алдыңғы агрегаттары мен тораптарын және шассиді жинау және шығару жүйесін бірреттік техникалық тексеруді ұйымдастыру жөнінде нұсқау жіберді. Тиісті техникалық актіні ҚР ИДМ ААК мен «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығына ұсыну қажет. Сонымен қатар Комитет «Қазаэронавигация» РМК ӘҚЖ бас орталығына «Фоккер»-100» әуе кемелерін көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берді», - делінген ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

Мәліметке сай, 2016 жылдың 27 наурызында Астана қаласындағы халықаралық әуежайда «Бек Эйр» авиакомпаниясының «Фоккер-100» ұшағы тап болған апат фактісі бойынша Азаматтық авиация комитеті кезекті рейсті орындау алдында осы тектес алдын алу шараларын жүргізуді қолға алды.

Қазақстанда «Фоккер-100» үлгісіндегі ұшақтарды «Бек Эйр» авиакомпаниясы ғана пайдаланады. Оларда осындай 8 ұшақ бар, оның алтауы Қазақстан аумағында ұшады.

Фото: ustinka.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: