Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, 24 адам сыртқа шығарылды
Zakon.kz
Оның бесеуі - балалар.
Павлодарда Кутузов көшесі, 89 мекенжайында орналасқан тұрғын үйден өрт шығып, 24 адам сыртқа шығарылды. Оның бесеуі - балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Маусипа Ержан мәлім етті.
- Екінші подъездің жанындағы қоқыстан шыққан от кіреберіс есікті шарпыған. Тілсіз жау төрт шаршы метр аумақты жалмады. Өрт тұрғындардың отты абайсыз қолдануы салдарынан орын алған. Зардап шеккендер жоқ, - деді М. Ержан.
Фото:k-chemu-snitsja.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript