Спорттық жекпе-жек конфедерациясы жаңа логотип таңдады
Фото: zakon.kz
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» кауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі Конфедерацияның логотипін таңдады.
Конфедерацияның логотипін әзірлеуге арналған конкурс қаңтардың 21-і мен ақпанның 21-і аралығында өткізілді. Байқауға қатысушылар толық мәлімет алу үшін арнайы www.bestlogo.kz сайты ашылған болатын.
Сондай-ақ үздік жұмыстарды анықтау үшін Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінен, конфедерация өкілдерінен жасақталған сарапшылар комиссиясы құрылған еді.
Байқауды өткізу мерзімі барысында 300-дей қатысушыдан 900-ға тарта жұмыс ұсынылды. Өзінің туындыларын тек отандық қана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдің азаматтары да жіберді. Атап айтсақ, байқауға Қазақстаннан өзге, Ресей, Украина, Болгария, АҚШ, Түркия, Израиль, Қырғызстанның тұрғындары қатысты.
Логотипті әзірлеуге арналған байқаудың қорытындысын жариялау үшін 15 сәуірде сағат 14:00 арнайы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Серік Сәпиев, Маским Раков, Светлана Подобедова, Ақжүрек Таңатаров, Арман Чилманов сынды қазақ спортының жарық жұлдыздары, байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері, Конфедерация қызметкерлі мен БАҚ өкілдері қатысады.
Бетке ұстар чемпиондарымыз байқауда озық шыққан үш қатысушыны Конфедерацияның арнайы тіккен жүлде қорымен марапаттайды. Үздік логотиптің авторы 500 мың теңге, екінші орын алған – 250 мың теңге, үшінші орын иегері 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.
Баспасөз мәслихаты барысында атақты спортшыларымыз, байқау жүлдегерлері мен Конфедерация қызметкерлері БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.
Біз сіздерді 15 сәуір сағат 14:00-де келесі мекен-жай бойда күтеміз:
Қабанбай батыр көшесі, 45А («Сарыарқа» республикалық велотрегі)
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript