Лента новостей
0

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуын құқықтық реттеу

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2014 20:41 Фото: zakon.kz
Заң ғылымдарының магистрі

Экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Осыған орай Қазақстан Республикасының қазіргі Қылмыстық кодексінің 11-тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарға арналған. Ескі кодексте мұндай арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстары» деген тараудан орын алған еді.

Қылмыстық жауапкершілік экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін тек тікелей ҚР Қылмыстық Кодексінде көрсетілуі тиіс. Жалпы ҚР Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстардың 18 құрамын көрсетеді. Осындай қоғамдық қауіпті әрекеттерге қылмыстық жауапкершіліктің келесі түрлері бекітілген: қоғамдық жұмыстар, шектелген бостандық, бас бостандығынан айыру және т. б.

Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектілері Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып танылады. Сондықтан да Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы Қылмыстық кодексте ерекше бапта көрініс тапқан [1] .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабында Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу деп көрсетілген. Айтылып кеткен бапттың «ж» – тармағында былай делінген:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Біздің ойымызша, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса, бұл пунктті 293-баптың бірінші бөліміне қосуды дұрыс деп санаймыз. Өйткені, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда су жануарлары («Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңының бірінші бабының тоғызыншы бөліміне сәйкес: жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайда болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары танылады) мен өсімдіктерін заңсыз алудың өзі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзуға жатады.

Қазіргі кезде заңсыз аңшылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 288-бабында қарастырылған [2] .

Қылмыстық кодекстің 288-бабына сәйкес бірінші бөлімінің г) тармағы мынадай редакцияда жазылған: г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады деп көрсетілген.

Айтылғанды қорытындалай келе, біздің ойымызша, 288-бабының г-тармағын293-бабына біріктіріп және 293-бапқа «а» - бөлімін қосып, оның редакциясын былай деп жазуды ұсынамыз:

Сондықтанда, біздің ұсынысымыз мынандай: 293-бап . Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзып, сол аумақтардағы жануарлар мен өсімдіктерге қол сұқса -жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алуға әкеп соқса, -

б) ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аңшылық жасалса, -

екіжүзден үшжүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының екінші бөлімін осы баптың үшінші бөліміне түсіріп, оны мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:

293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзып, сол аумақтардағы жануарлар мен өсімдіктерге қол сұқса - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алуға әкеп соқса, -

б) ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аңшылық жасалса, -

екіжүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

293-баптың екінші бөлігін үшіншіге түсіріп, диспозициясын формалды құрам деп ұсыныс етеміз және де осы баптың санкциясы сәйкес келмейтін секілді деп тауып, қаталдандыру себебіміз жалпы экологиялық қылмыстарға қатысты мәселелерді шет елдер Қылмыстық кодекстерін зерттеп, жекелей айтқанда (Германия Федеративтік Республикасын, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодекстері) сондай тұжырымға келдік. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық кодексінде Экологиялық қылмыстарға қатысты мәселелер жиырма тоғызыншы тарауда көрсетілген және «Қоршаған ортаға қарсы бағытталған қылмыстық әрекеттер» деп аталады. Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық кодексінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзуға қауіп төндірген жағдайда да қылмыстық жауаптылық көзделген. Жалпы бұл мемлекеттің Қылмыстық кодексі бойынша экологиялық қылмыстар үшін санкцияның ең үлкен шегі он жыл деп көрсетілген [3] . Ал Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі бойынша экологиялық қылмыстар үшін санкцияның ең үлкен шегі сегіз жыл. Осы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келдік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Қазақстан Республикасының Заңы 07.07.2006 //Параграф құқықтық жүйесі.

2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997. (толықтыруларымен және өзгертулерімен бірге) // «ПАРАГРАФ» құқықтық жүйесі.

3 М.П. Карпушин, В.И. Курляндский. Уголовная ответственность и состав преступления. – М.: «Юридическая литература», 1974.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: