Лента новостей
0

Мемлекет меншігіне алу

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2014 16:45 Фото: zakon.kz
Бакалавр

«Болашақ бүгіннен басталады», - деп бастағым келеді. Елдің ертеңін ойлайтын, елдің болашағын жарқын, экономикасының гүлденуін, әлеуметтік жағдайдың одан әрі жақсарлануын көргісі келетін азаматтарымыз аз емес. Сондықтан, алдыма қойған басты сұрағым - неге еліміз кең байтақ жерінде орналасқан мұнай-газ кәсіпорындарының жалпы акцияларының үлесін мемлекеттендірмейді?

1991 жылдары кезінде елімізде жекешелендіру кезеңі басталып, елдегі кәсіпорындар жаппай жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың меншігіне берілді. Осы әрекет сол уақытта елдің экономикасына қажетті қадамдардың бірі болғаны сөзсіз.

Алайда, уақыт өтті. Бұрын Совет Одағының мүшесі Ресей елі өзінің территориясында орналасқан экономикаға қажетті объектілердің (кәсіпорындар) активін мемлекеттендіруде. Сондай-ақ, қазіргі таңда шет елдерде мемлекеттендіру жиі кездесе бастады. Қазақстанда мемлекеттендіру жүзеге асырылады, егер ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұқтаждары үшін қажет болғанда ғана мемлекет меншігіне алады.

Менің ұсынысым. 2003 жылғы «Инвестициялар туралы» ҚР-ның Заңының 8-бабына және 2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер енгізу. Яғни, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 54-бабы бойынша: «Мемлекет меншігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшін жүзеге асырылуы және мемлекет меншігіне алынатын мүлік пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсітусіз жүргізілуі мүмкін». Осы жерде «ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» сақтай отырып оған қосымша ретінде «және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері үшін маңызды объектілерді мемлекет меншігіне алынады» деген өзгерісті енгізсе.

Және 2003 жылғы «Инвестициялар туралы» Заңының «мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдіктері» 8-бабына өзгеріс енгізуге. Осы бапқа қысқаша тоқталып өтсем. Әрине, инвестицияларды елге тарту үшін шетелдік инвесторларға кепілдік беру керек. Инвесторға берілетін кепілдіктер осы заңда және екі елдер арасында жасасқан қосарланған салықтарды болдырмау туралы Конвенцияларында белгіленген. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында инвестицияны одан әрі елдің экономикасын тарту жөнінде айтылған. Осы айтылғанды ескере отырып, 8-бапқа : «инвестордың мүлкін мемлекет меншігіне алады, егер ол экономикалық маңызды объект, мемлекет территориясында орналасқан сарқылатын табиғи байлықтар болып табылса».

Осы ұсыныс қандай өзгерістерді береді? Егер осы өзгерістер болса, шетелдік инвесторларындағы компаниялардың акциялары еліміздің қолында болар еді. Ал ол өз алдына елдің экономикасын, табиғатына, халықтың әлеуметтік жағдайына әсерін тигізер еді. Табиғатты алатын болсақ, Қазақстан мұнай қоры бойынша сегізінше орында, және өндіру бойынша 18 орында екенін атап өтсек. Әрбір нәрсенің шегі бар дегендей, бір кезде мұнай мен газдың, қара және түсті металлдардың қоры аяқталады. Бұл ең біріншіден, өзіміздің елімізде тұратын халықты алаңдатады, себебі, шетелдік тұлғалар үшін бұл ең маңызды сұрақтарға жата қоймас. Сондықтан табиғи байлықты үнемдеп, экологияны сақтап, елге бұрыннан тиісті кәсіпорынды ақырындап қайтару керек. Егер «ҚазМұнайГаз», «Тенгизшевройл» және Қарашығанақтағы мұнай кен орындарының акцияларын Қазақстан мемлекеттендірсе, экономиканың нақты тұрақтануы және одан әрі гүлденуі сөзсіз болар еді.

Бір жағынан осы әрекет әрине шет елдердің Қазақстанға қарама-қарсылықтарын туғызады. Алайда, біздің еліміздің болашағы біздің қолымызда. Ақырындап, елде жетіспейтін мұнай өндіру кәсіпорындарын салып, өз елімізде шикізат шығармай дайын өнім жасауға мүмкіндігіміз бар.

Қалай жүзеге асыру керек? Бұл әрине жаппай түрде жүзеге асырылмайды. Арнайы бағдарлама жасап, кезең кезеңмен мемлекеттендіру керек. Және инвесторларға заң бойынша міндетті түрде акциянның құны төленеді. Осы акцияның құнын мемлекет бюджетінен кезең бойынша бөліп тұру мүмкін деп ойлаймын.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы .

2. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңы .

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: