Лента новостей
0

Коррупцияға қарсы үш ұсыныс

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2014 16:47 Фото: zakon.kz
Юрист

Сіз, жасы кәмелетке толған кез-келген қазақстандықтан «Сен өміріңде бір рет болса пара беріп көрдің бе?» деп сұрасаң, ол міндетті түрде «Иә.» деп жауап берер еді. Олар студенттер мен кезінде студент болғандар, қызметке орналасқандар, тұрғын үй құрылысы және басқа да мақсаттар үшін жер телімін алғандар, көлік жүргізушілер, қылмыстық жазадан қашқандар, азаматтық істерді заңсыз өз пайдаларына шешкендер, мемлекеттік сатып алу, тендерлерде ұтып шыққандар, сапасыз құрылыс жүргізіп, оны мемлекеттік қабылдаудан өткізіп жібергендер және т.б. Кез-келген мемлекеттік мекемеге барсаң қол қою бар, мөр басу бар ақшасыз жұмысың бітпейді. Қазіргі қылмыстық заң бойынша пара алушылар да, пара берушілер де сыбайлас жемқорлар тізіміне енеді. Сонда халқымыздың неше пайызын коррупционерлер қатарына жатқызуға болады? «Аз» немесе «шамалы» деп айтуға ұятымыз жібермейтін шығар. Халық кез келген мәселені билікпен келісіп шешкенді дұрыс санайды. Саналы түрде пара береді. Себебі, қазір ешкім заңға сенбейді. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін екі азамат әкімге арыз жазып барады. Құр қол барған бірінші азаматтың арызын сыпайы қабылдап алып, 999-шы кезекке қояды. Ал екінші азамат арызға «конверт» қосып беріп еді, бірінші кезекте өзінің қалаған жерінен жер телімін алды. Қарап отырсаң әкімнің әрекетінде ешқандай заң бұзушылық жоқ (Оның «конверт» алғанын ешкім көрген жоқ қой). Біріншісін кезекке қойды, екіншісіне заңға сәйкес жер телімін берді. Бірақ «Сұлу сөз кемпірді де қыз етер» демекші, биліктегілердің жоғары жаққа есеп беру кезінде қағаз бетіне түсіріп беріп жатқан сөздеріне сенетін болсақ елімізде сыбайлас жемқорларға орын қалмаған сияқты.

Бірінші ұсыныс. Кезек туралы құқықтық қатынастарды реттейтін заң керек немесе ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөліміне азаматтардың кезекке тұру кезінде пайда болатын құқықтары мен міндеттерін реттейтін жаңа тарау енгізу қажет. Себебі, қай жерде кезек пайда болса сол жерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алады. Мысалы: пәтер алу, жер телімін алу, баланы балабақшаға орналастыру және т.б. Мұндай мемлекет тарапынан болатын игіліктер мен жеңілдіктерді алу кезінде міндетті және жазбаша түрде кезекке тұру шартын толтырып, шартты негізгі құжат есебінде ХҚКО-на тіркеу қажет. Бұл шартты бұзған лауазымды адам немесе азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ал күнделікті кездесіп жататын, мысалы, дәрігерге қарану кезінде, халыққа қызмет көрсету орындарында болып жататын кезектер кезінде кезек туралы шарттар ауызша жасалып, оны бұзған лауазымды адам немесе азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңмен жауапқа тартылуы тиіс.

Екінші ұсыныс. Сыбайлас жемқорлықтың дәл қазіргі деңгейге дейін көтерілуінің тағы бір себебі біздің Қылмыстық Кодексте олардың қылмыстарын нақты әшкерелейтін қылмыстық құрамның жоқтығы. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорларға қарсы күресте қолданып жүрген негізгі қылмыстық құрамдар - пара алу мен пара беру. Бұл екі бап коррупциалық қылмыстарға қарсы күресте еш нәтиже беріп отырған жоқ. Елімізде күніне он мыңдаған пара алу және пара беру оқиғасы орын алып жатса, олардың тек саусақпен санарлығын ғана, яғни пара берушіні алдын-ала қолдан дайындап алу арқылы ғана құрықтап жатыр. Олардың ішінде миллиондап пара алғандары қылмыстық қудалаудан құтылып жатса, он мың теңге алған парақорлар он жылға бас бостандықтарынан айрылып жатыр. Пара берушінің басты мақсаты - ол заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу. Сондықтан ол пара алушынының үстінен еш уақытта шағым жазбайды. Ал пара алушы лауазымды адам пара берушінің талабын қанағаттандыруға, яғни заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру үшін өз қызметіндегі бар мүмкіндікті пайдаланады. Сондықтан қазіргі қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексіндегі пара алу және пара беру деген қылмыстық құрамдарды - заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру, заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу деген екі қылмыстық құраммен ауыстыру қажет. Ал пара алу мен пара беру оқиғасы кезінде қолға түскендерді осы қылмыстарды жасауға оқталды деп есептеу керек.

311- бап. Заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру.

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның, сондай-ақ лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазым атқарушы адамның өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жеке адамға, ұйымға, сондай-ақ басқа лауазымды адамға заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі,-

(Бірінші бөлімнің санкциясы)

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер немесе әрекетсіздіктер, егер олар:

а) қызметтік жалғандық жасаумен;

б) қызметтік салақтықпен;

в) айғақтарды бұрмалау арқылы;

г) қылмысты жасыру немесе жалған ақпар беру арқылы;

д) адамдар тобы алдын-ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

е) бірнеше рет жасаса;

ж) делдал арқылы немесе тікелей өзі пара алу арқылы жасаса;

(Екінші бөлімнің санкциясы)

312- бап. Заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу.

1.Заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу,-

(Бірінші бөлімнің санкциясы)

2.Нақ сол әрекет:

а) адамдар тобы алдын-ала сөз байласып жасаса;

б) әлденеше рет жасаса;

в) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасаса;

г) жалған құжаттар дайындау арқылы жасаса;

д) қорқыту арқылы жасаса;

е) делдал арқылы немесе тікелей өзі пара беріп жасаса;

(Екінші бөлімнің санкциясы)

3.Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді лауазымды адам жасаса, не ол өзінің лауазымын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса,-

(Үшінші бөлімнің санкциясы)

Бұл екі бапта көрсетілген қылмыстар жасалғанына бірнеше жыл өтіп кетсе де оңай дәлелденеді. Лауазымды адамдардың пара алып біреулердің пайдасы үшін шығарған заңсыз шешімдері, заңсыз қаулылары, заңсыз қабылдау актілері өздеріне де және пара беріп заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алған адамдарға да қарсы айғақ ретінде жұмыс істейді.

Үшінші ұсыныс. Ғылым мен техника дамыған қазіргі заманда көптеген қылмыстардың ашылуына әр жерлерде тұрған бейнекамералардың үлесі үлкен болып тұр. Бір жағынан бейнекамераға түсіп қалған қылмыстық оқиғалар тергеушінің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Екінші жағынан тергеушіге қылмыстық істі заңсыз қысқартуына мүмкіндік бермейді. Бейнекамераның пайдасы көп деп, 100-200 метр сайын бейнекамералар қойып шығу мүмкін емес. Сондықтан, жеке азаматтардан қылмыстық іске қатысты және әкімшілік құқық бұзушылық істеріне қатысты бейнежазбаларды сатып алуды заңдастыру қажет. Бұл жерде ескеретін бір мәселе, қылмыстық іске қатысты бейнежазбаны түсірген азаматтардың аты-жөні құпия сақталу керек. Олар куә ретінде тергеуге, сотқа шақырылмайды, жауап алынбайды. Тергеу амалдарын жүргізу үшін өте қажет болған кезде, немесе бейнежазбаның құрастырылғаны дәлелденген кезде Облыстық прокурордың рұқсатымен ғана шақырылады және жауап алынады. Жеке азаматтардан мұндай бейнежазбаларды сатып алудың артықшылықтары өте көп:

1. Қылмыстардың тез ашылуына ықпал етеді;

2. Жолдарда көлікпен жүру ережелерінің бұзылмауына ықпал етеді, яғни жол ережесін бұзып келе жатқан автокөлікті видеорегистратормен жабдықталған кез-келген көлік жүргізушілері бейнежазбаға түсіріп алып, оны тиісті органға апарып сатады;

3. Кейбір азаматтардың заңды күнкөріс көзіне айналады. Олар өздерін құқық сақшылыры ретінде сезінеді. Бұл қазіргі қоғамдағы «стукач, тоқылдақ» деген сияқты қылмыстық түсініктерді келешекте «құқық сақшылары, тәртіп сақшылары» деген түсініктермен алмастырады.

 

28.03.2014 ж Жабаев Жамбыл Турганбекович

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: