Ертеңгі Қазақ елі
Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз
Абай
Мені болашағымыз алаңдатады. Біз қандай елміз? Баймыз ба, кедейміз бе? Өнерліміз бе, шымырмыз ба? Білімдіміз бе, ақылдымыз ба? Қазіргі ғасырда адам баласының тың иедеялары жүзеге асып, қолданысқа ие. Біздің ел әзірше тұтынушы рөлінде қалуда. Неге біздер өз еліміз үшін тер төкпеске. Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай дегендей, өзі дегенде жанын беретін қазағым, қазақ елі үшін, жері үшін патриоттық сезімін іспен неге далелдемеске. Елбасымыздың халқына арнаған жолдауларын, сараң тындап, жарты жолда тастаудамыз. Неге біздер осы алға қойған Елбасының мақсаттарын жұмыла шың ниетпен атқармасқа. Қазақ елінің тағдыры, болашағы бір адамға ғана жүктелген бе? Жоқ, Қазақстанның гүлденуіне, өркендеуіне тайлы тұяғымызға дейін жұмылуымыз тиіс. Қай саланы алсақта елімізде басендік байқалады. Өсетін ел өйтпес. Дамыған отыз елдің қатарына еңбекпіз. Отыз дамыған елге еңу үшін бізге не стеу керек? Қай салаға көңіл көбірек бөлу қажет? Міне менің бүгінгі талқылайтын мәселем осы. Жанұя шағын мемлекет дегендей, мемлекет отбасынан құралады. Демек, саналы, тәрбиелі ұрпақты жанұядан қалыптастырамыз. Бүгінгі біздің қоғамда бай болсам деген асқақ арман бойларына сіңіп алған. Бірақ сол байлыққа жету жолдары сан түрлі. Мемлекет болып басты жүйе қалыптастырмаса, демократиялық жолды қазақ елі жабайы демократияға айналдырып алғандай. Бұл жарға барып соқпасқа кім кепіл. Біздің мемлекетіміз өз даму стилін қалыптастыру қажет. Ешкімге еліктемей-ақ. Дамыған елдерде қай сала болсын табысқа жетіп, мемлекет қаржысын құртпаған. Біздің елде бәрі керсіңше. Мемлекетке қол жайған. Құт бір қайыршыдай, содан тиген ақшаны жымқыру. Елбасының қаншама тапсырған тапсырмаларын толық және сапалы орындағандар саусақ санарлық. Өз елі, Қазақстаны үшін әр бір азамат адал атқарса ісін, міне сонда ғана жетістікке жетеміз бәріміз. Жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылық саласы, Туризм - спорт, Кино өнері, ақпараттық кеңістік сынды салаларды жүйеге келтіріп, бақылауды күшейтіп, жолға салса. Міне біздің Қазақ елінеде де Қытайға жеңіл өнеркәсіптен тәуелді болмай, шетелден туристер ағылса, футболы Бразилядай болса, Голивудтың киносы, ББС, СННдей ақпараттық кеңістік қалыптастырса игі болар. Жуырда итернеттен оқығаным бар. Экономикасы дамыған отыз елдің үштігін байқадым. АҚШ алдағы орында, екінші көршіміз Қытай, үшінші Жапон елі. Халықаралық бақлаушылардың зерттеуі бойынша Қытай 2028 жылы АҚШ ты басып озады деген дерек бар. Көршіміздің көшінен қалмайық ағайын.