Лента новостей
0

Қолжетімді баспана ма?

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.04.2014 20:41 Фото: zakon.kz
Экономист

Саламатсыздар Құрметті ұйымдастырушылар! Өз атымнан Сіздерге алғысымды білдіргім келеді! Халықпен санасып еш болмаса ойларын білсеңіздер оның өзі қоғам үшін атқарған үлкен жұмыс! Өкінішті тұсы қазақша тілде жарияланған ұсыныстар аз екен. Десе де, менің қазақ тілінде жазған ұсынысым назардан тыс қалмас деген үмітім бар!

Айтайын деген ұсынысым баспана жөніндегі заңдарға өзгеріс енгізу қажет секілді. Неге десеңіздер, біріншіден, Қазақстандағы барлық дерлік жылжымайтын мүлікті несиелендіретін коммерциялық банктердің машахаты жетерлік. (сансыз қажет емес құжаттардың көптігі) Екіншіден, берілетін үстеме (%) өте жоғары. Мысал ретінде, өзімді айта кетейін. Жалақым қазіргі таңда 50 мың теңге. Мен жалғыз басты анамын. Ұлыма мектептегі тамағына 8 мың теңге, айсайын жол ақыма 7-8 мың теңге, азық-түлік, коммуналдық қызметке 10-15 мың және жалдамалы пәтерге 20 мың теңге. Сонда орта есеппен ұлым екеуміз ай сайын 50 мың теңгедей қаражат жұмсаймыз. Алимент және басқа да жәрдем ақы алмаймын. Сонда мен секілді Қазақстанда тұратын қаншама адам осылай өмір сүріп, қай уақытта баспаналы болады?

Менің ойымша, жылжымайтын мүлікті несиелендірудің банктерге ғана емес халыққа да тиімді жағын қарастыру керек. Расында да, мемлекет «қолжетімді баспана» деп әртүрлі бағдарламалар ойлап табуда. Өкінішке орай, мойындау қажет оның шенеуліктер үшін ғана тиімді жағы көбірек болып тұр.

Қорытындылай келе, коммерциялық банктердің несиені жеңілдету жолдарына өзгерістер қажет деп ойлаймын.

Алимент төлету үшін қолданылатын шараларды күшейту

Қоғамдағы тағы бір өзекті мәселелердің бірі- алимент төлемей жүрген азаматтарды жазаға тарта алмау. Мысалға, мен жолдасыммен 2008 жыл заңды түрде ажырастым. Сот шешімі бойынша, ұлыма ай сайын табысынан белгілі мөлшер ретінде алимент алып отыруым қажет болатын. Бірақ осы күнге дейін ол азамат алимент төлемей, әртүрлі себептермен мені де, мот орындаушыларын да, сотты да шаршатқан. Ең сорақысы сол, заң органдарының шарасыздығы. Мысалға, сот орындаушылары төлемейді деп шешім шығарады, мен қайтадан арыз жазам ол шешім қайтадан орындалмайды. Осылай шеңберді айналып жүргеніме міне, 6 жыл уақыт болды. Меніңше, мұндай азаматтарға қолданылатын шараны қатаңдату керек.

Мүмкін менің ұсыныстарым ұсыныс ретінде емес шағым ретінде кеткен болар. Расында, жоғарыда аталған проблемалар менің жан айқайым. Алайда мен секілді елімізде мыңдаған әйелдер осындай қиыншылықтарды бастарынан кешіруде. Сондықтан, мен шын жүрегіммен біздің еліміздің билік органдарының аталған проблемаларға аса назар аударып, оларды реттеу үшін заңға өзгерістер енгізеді деген сенімдемін! Оған дәлел ретінде, осы Сіздердің жариялаған мына байқауларыңыз. Үлкен рахмет!

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: