Қызылордада «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды
Zakon.kz
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды.
Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту болып табылады.
Кафедраның меңгерушілігіне қоғамтанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы тағайындалды.
Кафедра құрамының басым бөлігі ғылыми атағы және мәдени-көпшілік және саяси-қоғамдық жұмыстарда тәжірибелері бар оқытушылар. Кафедра оқытушыларының құрамында Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығын 15 жылдай басқарған, қазіргі кезде «Қоғамдық келісім орталығы» ММ-нің бөлім басшысы қызметін атқаратын Асылбек Жұмабаев та бар.
Кафедра университеттегі барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пәндерінен дәрістер береді.
Бүгінгі күні кафедра оқу үдерісінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметін бастады.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript