Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесін шешудің проблемасы
Фото: zakon.kz
Пенсионер
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесін шешудің проблемасы
ұсыныстар
Менің пікірімше,бұл мәселені шешудің ең негізгісі құқықтық реттеу болып табылады.Ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын.
1. ҚР Азаматтық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ұғымына анықтама берілуі қажет, мысалы «азаматтың меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету үшін табыс табу мақсатынсыз пайдалы қызметі».
2. ҚР салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар табыс таппайтындықтарынан мүлік және жер салығанан басқа салық түрлерінен босатылуы тиіс. Егер табыс және пайда тапқан жағдайларда жеке кәсіпкерліктің субъектілері деп танылуы тиіс.
3.Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу өзі барып тіркелетін сипатта,оның тұрғылықты жері бойынша жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар (жұмыспен қамту органдары») жүзеге асырады.
4.ҚР Еңбек кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың құқықтық статусы анықталуы тиіс (еңбек стажы, зейнетақы және т.б).
5. Менің пікірімше Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 ж. 23 қаңтардағы Заңы кәзіргі заман талабына сай болмағандықтан қайта қаралуы немесе тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс. Ең негізгі өзгерістердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтушы статусын алған азаматтар «жұмыссыздар» санатынан шегерілуі тиіс.
6. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар олар туралы заңнамаларды бұзғаны үшін тиісті құқықтық жауапкершілікке тартылуды қарастыру қажет.
7. Жұмыспен қамту мәселесі елімізде өте маңызды болып табылатынтықтан, бұл компетенцияны денсаулық және әлеметтік министрлігінен бөліп алып, жеке мемлекеттік органға берілуі қажет деп есептеймін.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript