Лента новостей
0

4 ақпан күні Алматыда құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру жүргізіледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2016 16:34 Zakon.kz
4 ақпанда жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының ТЖ Департаменті 2016 жылдың 4 ақпанында жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеруді жоспарлайды,- деп хабарлайды newskaz.kz Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, «Азматтық қорғаудың медиа-серверімен» теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандығы туралы хабар беру қарастырылуда",-делінген хабарламада.

Алдағы уақытта, әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12:55-те құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жоспарлануда. Ал шара мерекелік күнге сәйкес келген уақытта келесі аптаның бейсенбі күніне ауыстырылады.

Фотосурет: yvizion.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: