Лента новостей
0

Алматыда соңғы үш апта ішінде «ОҢАЙ» картасы арқылы 683 190 580 теңге төленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2016 22:39 Zakon.kz
2016 жылдың 11-ші қаңтарынан 1-ші ақпанға дейінгі аралығында 10 655 527 транзакция жасалды.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының қолында 894 689 «ОҢАЙ» картасы бар. Осылайша, 509 308 Бірыңғай көлік картасы сатылып, 385 381 жеңілдетілген көлік картасы тегін берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірыңғай көлік картасы бойынша 530 783 400 теңгеге 6 634 542 транзакция, 75 жастан асқан зейнеткерлерге арналған Әлеуметтік көлік картасы арқылы - 210 912 транзакция, 75 жасқа дейінгі зейнеткерлерге арналған Әлеуметітк көлік картасы бойынша 46 081 840 теңгеге - 1 151 998 транзакция, студенттерге арналған көлік картасы бойынша 77 242 500 теңгеге - 1 931 025 транзакция және мектеп оқушыларына арналған көлік картасы бойынша 29 082 840 теңгеге 727 050 транзакция жасалған.

Бір айлық жол жүру билеттері «ОҢАЙ» картасы негізінде электронды нұсқада болады. Қазір қолдағы «ОҢАЙ» картасының теңгерімін толықтыру барысында «бір айлық жол жүру билеті» деген арнайы функция пайда болады. Осылайша, жолаушылар «ОҢАЙ» картасын бір айлық жол жүру билеті ретінде де пайдалана алады. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Алматы Көлік Холдингі» ЖШС басқа да жолаушы тасымалдаушы компаниялармен бірлесе отырып, жалпыға бірдей бір айлық жол жүру билетін қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр. Бұл билеттер алдағы наурыз айында шығарылуы ықтимал.

Автор: Жаппарберген Айбота

Фотосурет: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: