Лента новостей
0

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚК жалпыәскери жарғыларына өзгерістер енді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.02.2016 15:18 Zakon.kz
Президент ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Жарлығыққа өзгерістер еңгізді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасалған өзгерістерге сай, енді «саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек. Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға қарай – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп еркін, шынтақтан бүгу; артқа қарай – иық буынында 25-30° бұрышқа қатайтпай еркін жазу керек (бел ортасынан 15-20 см). Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Сонымен қатар, «осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 10-15 см көтеру және оны ұшынан бастап табанды толық басу керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек. Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болуы керек.

Фотосурет: www.kazpravda.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: