Лента новостей
0

Қостанайда тұтас бір аудан төрт күннен бері сусыз отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.02.2016 17:34 Zakon.kz
Қостанайлықтар төрт күннен бері ауыз судан тарығып отыр. Мұнда орталық құбыр жарылып, отызға жуық көпқабатты үй тіршілік нәрінен қағылған.

Аурухана мен мектепке де су берілмей жатыр. Құбырлардың тесігін бітеуге тырысқанымен, коммуналдық мекеме жұмысшыларының ісі өнер емес. Себебі ескі құбыр жамауға келмейді. Қостанайлықтар 4 күннен бері бір жұтым суға зар болып отыр. Үйдегі құбыр құрғағалы бері кір-қоңдары үйіліп, тамақ әзірлеуді де қойған,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алғашқы күндері су сатып алдық. Күніне 500 теңгеміз соған кетіп отырды. Ақыры балаларды әжесінің үйіне апарып, қазір тездетіп су берсе екен деп тілеп отырмыз. Жөндеп тамақ та ішпедік, дейді қала тұрғыны Иван Матюшкин.

Қазір Қостанайдағы отызға жуық көпқабатты үй тіршілік нәрінен ажыратылған. Құбыр жарылған күні жертөлелер мен аулаларды су басып, соның кесерінен жарық та өшіп қалыпты. Кейін электр берілгенімен, су құбырын әлі ретке келтіре алмай жатыр.

Үйде де, жұмыста да су жоқ. Жазда жөндеп қойса мұндай болмас еді. Қаншама адам зардап шегіп отыр,-дейді қала тұрғыны Елена Ничипуренко.

Қазір аурухана мен мектепке суды тасып әкеп жатыр. Себебі мұнда да су жарылған желі арқылы келеді екен. Ал коммуналдық мекеме басшылары болса оны қашан жөндеп болатынын айта алмайды.

Екі учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Алдымен құбыр бойын қазып алуымыз керек. Одан соң ғана жөндеуге кірісеміз. Құбырлар ескіріп, шіри бастаған. Сондықтан тесігін бірден бітей алмадық, деді «Қостанай су» МКМ бас инженерінің орынбасары Виталий Панайотов

Бұл маңдағы су құбырлары осыдан 60 жыл бұрын жүргізілген. Содан бері дұрыс жөндеу де көрмепті. Ал шіріген құбырдың қашан толық жаңартылатыны әзірге белгісіз.

Жаңалық Ахаш

Фотосурет: lgorod.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: