Лента новостей
0

Грекияда халық полиция қызметкерлеріне тас пен жанғыш заттар лақтырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.02.2016 23:11 Zakon.kz
Грекия астанасы Афиныда әлеуметтік сақтандыру саласындағы жаңа реформаға қарсы демонстрация қақтығысқа ұласты.

Ашуға мінген халық полиция қызметкерлеріне тас пен жанғыш заттар лақтырды. Ал тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қарсылық шарасына 50 мыңға тарта адам жиналған. Олардың арасында дәрігерлер, заңгерлер, мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдық көлік жүргізушілері бар. Жергілікті халықтың наразылығын тудырған жаңа заң жобасы аясында болашақта зейнетақы көлемін азайту мен әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін салымды ұлғайту жоспарланған.

Фотосурет: wiki.ru


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: