Лента новостей
0

Тайваньда 30 сағат бойы қирандылар астында жатқан 6 айлық сәби аман қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.02.2016 16:02 Zakon.kz
Тайваньда 30 сағат бойы үйінділер астында жатқан 6 айлық сәби құтқарылды. Нәресте 17 қабатты ғимараттың қирандыларын аршу кезінде табылыпты.

Қазір сәби ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қыз баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Айта кеткен жөн, 6 ақпанға қараған түні аралда 4 балдық зілзала болған еді. Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 35 адам ажал құшқан, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Жараланғандардың саны жарты мыңнан асады. Тағы 110 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жер сілкінісінен әсіресе Тайнань қаласы қатты зардап шегіпті. Мұнда орталық аудандарда бірнеше көпқабатты ғимарат қираған.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге көмектесуге Тайванның түрлі аудандарынан әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен еріктілер келіп жатыр», деді Тайвань қаласының мэр Уильям Лай.

Жалпы зілзала кезінде қираған 17 қабатты тұрғын үй кешені 1990 жылдардың ортасында салынған екен. Онда шамамен 250 адам тұрып жатыпты. Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратты тұрғызу кезінде сапасыз материалдар қолданылған. Сондай-ақ құрылыс ережелері де өрескел бұзылған көрінеді. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фотосурет: rusnovosti.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: