Лента новостей
0

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.02.2016 16:12 Zakon.kz
Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді.

Оның қуаты спортзал мен жоғарғы оқу орнының ауласын жарықпен қамтуға жеткілікті. Студенттер мен оқытушылар қазір күн электр станциясының әртүрлі ауа райында қалай жұмыс істейтінің бақылауда, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Басты мақсат – жауын-шашын кезінде де құрылғының тиімділігін арттыру. Ол үшін күннің жағдайын қадағалайтын арнайы жүйе құрылғанЕкіжақтық модель қуат көзін тек күннің жарығынан ғана емес, жоғарыдағы жарық пен шағылысқан жерден де алуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмыстары кезінде белігілі болғандай, асфальтты ақ бояумен сырласа, құрылғы қуаты көзін 6%-ға көтереді, деді жоба жетекшісі Вячеслав Югай.

Технология және байланыс жүйелері кафедрасы қуат көзін үнемдеу технологиясы бағытында 5 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірнеше үлгі жасалды. Соңғы тәжірибеде, аккумуляторлық батареяларды сутегі өндіру жүйесіне алмастыру шешімі қабылданды. Енді құрылғының үнемшілдігі артып, қызмет көрсету мерзімі ұзарды. Күн электр станциясы сағатына 2 кВт қуат өндіреді. Бұл бірнеше спортзал мен университет ауласын жарықпен қамтуға толық жетеді екен.

Айнұр Әбдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Фотосурет: www.kazpravda.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: