Қытай қалаларында отшашуға айыппұл салынатын болды
Zakon.kz
Қытай жеріне жеткен биылғы Жаңа жыл мерекесі биліктің жаңа айыппұл түрін бекітуден басталды.
Қытай жеріне жеткен биылғы Жаңа жыл мерекесі биліктің жаңа айыппұл түрін бекітуден басталды, деп хабарлайды 24 kz арнасы, Bloomberg.com сілтеме жасап.
Себебі мұнда бірнеше ірі қалада мерекелік отшашу салдарынан ауада аса улы қабат қалыптасып, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төнді. Мысалы, Шанхай қаласында от шашқан немесе өзге пиротехника түрін пайдаланған адам 500 юань (шамамен 27500 теңге - ауд. 24kz) айыппұл төлеп , жауапқа тартылады. Билік шығарған бұл заңды қадағалау үшін 300 мың белсенді адам қала көшелерін кезектесіп бақылауға кірісіп кеткен.
Сурет: today.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript