Лента новостей
0

Шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар елге қайтарылуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.02.2016 20:36 Zakon.kz
Франция мен Германияда жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар елге қайтарылуы мүмкін.

Франция мен Германияда жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар елге қайтарылуы мүмкін. Бүгінгі күні тиісті шарттарға қол қою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz

"Жалпы, ынтымақтастық аясында қылмыстық істер бойынша мемлекеттер арасында үш келісім жасалады, олар - өзара құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және сотталғандарды беру туралы шарттар. Алдағы уақытта Франциямен осындай үш келісім жасалатын болады. Қазіргі уақытта осы бағытта Парижде жұмыс істейтін сарапшылық топ құрылды. Одан кейін Германиямен қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты кеңейтетін боламыз", - деді И.Меркель.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт 22 мемлекетпен жасалған.

"Мұндай келісімдер барлық қылмыстық істер бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Шарт жасалған мемлекеттің аумағында адамдарды тергеу қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұдан бөлек, шетке шығарылған активтерді қайтару жеңілдейді. Бұрын біз өзара түсіністік негізінде ғана қарым-қатынас жасадық. Бірақ шарт болмаса, кез келген мемлекет мұндай көмекті көрсетуге келісе бермейді", - дейді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.

Айта кетейік, бүгін Сенатта "Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. Шарт Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның құзыретті органдарының қылмыстық істер, сондай-ақ сот және соттан тыс рәсімдер бойынша тергеу және қылмыстық қудалауда өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріндегі іс-қимыл мәселелерін реттейді.

Фото:dixinews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: