Сейсенбі күні Қазақстанның барлық облыстарында ауа райы нашарлап, қар жауады
Оңтүстік-батыс тропосфералық ағымдар солтүстікке ауысып сонымен Қазақстанға арктикалық кеңдік ауасы суық фронттармен келеді. Алдағы үш күнде қар, көріну қашықтығы 500 м. бұрқасын, 15-25м/с жел, және түнгі пемператураның 23-30º төмендеуі, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауан-шашын: жаңбыр арты қарға айналып, таулы аймақтарда қатты жауан-шашын болады, тұман, көктайғақ пен ауа-райының суытуы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz, Қазгидрометтің берген мәліметіне сүйеніп.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.
Фотосурет: rk.karelia.ru