Лента новостей
0

Алматы орталығындағы 35 тұрғын үй сүріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.02.2016 16:25 Zakon.kz
Алматының орталық көшелерінде орналасқан 35 баспана алдағы екі жылда сүріледі. Олардың орнына көп пәтерлі 14 қабаттан тұратын зәулім үйлер тұрғызылады.

Алматының орталық көшелерінде орналасқан 35 баспана алдағы екі жылда сүріледі. Олардың орнына көп пәтерлі 14 қабаттан тұратын зәулім үйлер тұрғызылады. Бұл туралы Алмалы ауданының басшысы Серік Құсайынов тұрғындармен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады Алматы телеарнасы.

Алдағы екі жылда Шевченко, Манас, Жамбыл және Байзақов көшелерінің қиылысындағы 35 ескі үй толықтай сүрілетін болды. Олардың орнына көп пәтерлі 14 қабаттан тұратын зәулім үйлер тұрғызылады. 10-нан астам көше күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл Алмалы ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру жиынында мәлім болды. Аудан басшысы былтырғы атқарған жұмыстарды саралап, келер жылғы жоспарымен бөлісті. Кездесуде әлеуметтік мәселелерге де ден қойылды. Алмалы ауданында 212 мыңнан астам адам тұрады.

Алматының Жетісу ауданы да қарқынды дамуда. Биыл аталмыш ауданда 18 жекеменшік, 1 мемлекеттік балабақша және шағын орталық ашылады. Ал, мамыр айында 11 емханананың жанына қосылған 3 қабатты мекеме де тұрғындарды қабылдай бастады. Жергілікті атқамінерлер баспана мәселесімен де белсенді айналысуда.

«Гончаров көшесіндегі 4 тұрғын үй сүрілген болатын, олардың орнына 9 қабатты баспана салынды. Қазіргі уақытта 9 қабатты екінші тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр»,- деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов.

Базарлардың басым бөлігі орналасқан Жетісу ауданында келер айда жаңа "Довун" базары ашылады және 13-і қайта жаңартылады. Ал, жеке кәсіпкерлердің қаржысына 20 балалар ойын және спорт алаңдары салынбақ. Есеп берген қос ауданның әкімдеріне жолданған тұрғындардың мәселелерінің оңтайлы шешілуін "Нұр Отан" партиясының өкілдері бақылауға алады.

Айдана Мейрамбайқызы, Валерий Таубалдиев

Фото: vse.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: