Лента новостей
0

Алматылық төтеншеліктер сел жүру қаупінің алдын-алу шараларын бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.02.2016 20:30 Zakon.kz
Алматыда сел жүру қаупінің алдын-алу үшін қаланың Төтенше жағдай департаменті мен аудан әкімдігі қызметкерлері біріге жұмыс бастады. Өзен арналарын күл-қоқыстан арылтып, қардан аршыды.

Күн райының жылуына байланысты төтеншеліктер мен Алматы қаласы аудан әкімдіктері біріге сел жүру қаупінің алдын-алу шараларын қолға алды. Өзен арналарын мұз бен күл-қоқыстардан арылта бастады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Су тасқыны жүретін аймақтары бар қаланың аумағында орналасқан өзендер мен көлдерде. Олар шағын болып табылады. Медеу мен Жетісу ауданында осы өзендердің арнасында жиналған мұздарды тазартып, күл-қоқыстарды тазартып, таудан аққан суды бөгелмей өтуін қарастырып жатырмыз",- деді Алматы қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Еңсебаев.

Қаупі жоғары аймақтардың бірі - Талғар тас жолында орналасқан Тіксай өзені. Мамандардың көмегімен бұл жерден 20 текше метр қар күрелді.Тазарту жұмыстары Құлжа тас жолына дейін жалғасатын болады.

"Су басу қаупін болдырмау үшін тазалау жұмыстарын ұйымдастырдық. Атап айтатын болсақ, 6 ақпан күні Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімі мұздардан тазартты. Бүгін жалғастырып жатырмыз",- деді Алматы қ. Медеу ауданы ТЖД бөлімінің бас маманы Қасымбек Мұшанов.

Аталмыш іс-шараға Медеу ауданы коммуналдық қызметінен 2 техника, 8 жұмыс күші жұмылдырылды. Сонымен қатар, қаланың құтқару қызметінен 4 техника мен 15 адам тартылған.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тіксай өзеніне жақын орналасқан тұрғындарға ескертпе қағаздарын таратты. Өзеннің арнасын, жағасын күл-қоқыстардан таза ұстау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Азамат Әуезхан, Әрсен Сандыбаев

Фотосурет: mgorod.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: