Лента новостей
0

Астананың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың көктемінде тапсырылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.02.2016 23:39 Zakon.kz
2017 жылдың сәуір айына дейін құрылыс нысандары салынып бітеді.
Елорданың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың көктемінде тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Темір жолжелілері құрылысы жөніндегі дирекция» филиалының директоры Бақыт Қарсақбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жобаны ҚТЖ салып жатыр. Осы нысан 2016 аяғында, 2017 жылдың сәуір айына дейін құрылыс нысандары салынып бітеді. Бір үлкен мердігер түрік компаниясы және жанында қосалқы мердігерлер жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 2017 жылдың сәуір айына дейін бұл нысан толық тапсырылады. Осы тұрғыда вокзалдың үлкен терминалы бар ғимарат және оған кіретін 2 шақырымнан астам эстакада қамтылады»,-деді ол.

Б. Қарсақбаевтың сөзіне қарағанда, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ұзындығы 2550 метр эстакада 87 тірекке бекітіліп, нысанда қабылдау-жөнелту жолдары салынады.

Қазіргі Астана теміржол вокзалы тәулігіне 7000 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңа вокзалдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 35 000 жолаушыны құрайтын болады. Атап айтқанда, Астананың жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Фото: www.analitika.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: