Лента новостей
0

Павлодарда ӨРВЖ дертінің маусымдық көтерілуі байқалады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.02.2016 17:54 Zakon.kz
Павлодар облысында ӨРВЖ дертіне шалдыққандар саны артуда. Десе де санитарлық дәрігерлер жұқпа көрсеткіші бақылау деңгейінен аспайды деп сендіруде.

Павлодар облысында ӨРВЖ дертіне шалдыққандар саны артуда. Десе де санитарлық дәрігерлер жұқпа көрсеткіші бақылау деңгейінен аспайды деп сендіруде. Сондықтан да әзірге карантин жариялаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жұқпалы және паразит ауруларын эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы Зайпа Шадиева мәлім етті. "2015 жылдың 1 қазан және 2016 жылдың 7 ақпан аралығында өңірде 18867 ЖРВИ оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17355 адам дертке шалдыққан, - деді З. Шадиева.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 28 қаңтар – 3 ақпан аралығында 14 жасқа дейін сегіз бала маусымдық тұмау жұқтырған. Олардың жетеуі дертінен толығымен айығып кетсе, бір бала әлі де ауруханада жатыр. Былтырғы жылғы ұқсас кезеңде 13 оқушы тұмаумен ауырған.

Еске сала кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, аймақта тіркелген бір де бір оқиға «шошқа тұмауы» деп аталатын аса қатерлі Н1N1 штаммына жатпайды.

Фото: nebolet.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: