Лента новостей
0

ОҚО-да оқушы шекара бұзушыны ұстауға жәрдемдесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.02.2016 18:13 Zakon.kz
Мектеп оқушысы күдікті тұлғалар шекараны бұзып бара жатқанын көріп, дереу шекара қызметкерлеріне хабар берген

Мектеп оқушысы шекарашыларға мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстауға жәрдемдесті, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметінің берген ақпаратына сүйеніп.

Сарыағаш шекара жасағының «Достық» шекара заставасының жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп, мемлекеттік шекараны бұзған екі адамды ұстады.

«Оларды ұстауда шекара сақшыларына Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдімекенінің «С.Айни» атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұстафа Әбдіқадыров жәрдемдесті. Мектеп оқушысы күдікті тұлғалар шекараны бұзып бара жатқанын көріп, дереу шекара қызметкерлеріне хабар берген», - делінген хабарламада.

Жауап алу барысында Өзбекстан азаматы өз жерлесінің заңсыз көші-қонға жәрдемдесу кезінде мемлекеттік шекараны бұзғаны белгілі болды.

Көрсеткен көмегі үшін Шекара қызметінің әскери бөлім командирі, подполковник Бауыржан Әбсаматов жас көмекшіге алғыс білдірді.

Салтанатты шара барысында басшылық оған, мектеп директорына, сынып жетекшісіне грамота және бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұдан басқа оқушының ата-анасы Бақияр және Маржангүл Әбдукәрімов та ынталандырылды.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: