Украинада тұмау эпидемиясынан 246 адам көз жұмды
Соңғы бір тәуліктің өзінде жұқпалы аурудан 26 адам көз жұмды. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері індеттің салдарынан 246 науқас қайтыс болған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Оның үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Тіпті, жұқпалы кесел бүтін бірнеше отбасының өмірін жалмады деген ресми ақпарат бар. Марқұмдардың дені доңыз тұмауымен ауырған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін аты жаман індетке 3,5 млн азаматтың шалдыққанын хабарлайды.
"Біз 35 науқастың нақты қандай вирустан қайтыс болғанын анықтай алмадық. Бұл H1N1 немесе H3N2 вирустары емес. А вирусына ұқсайды. Десе де ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Енді сараптамаларды Лондондағы тұмауды зерттеу орталығына жібереміз. Кейін бұл адамдардың тұмаудың қандай түрінен қаза тапқанын айтуға болады", деді ауруларды қадағалау және мониторинг жүргізу орталығының жетекшісі Любовь Некрасова.
Фото: politrussia.com