Лента новостей
0

Алматыда жер астынан театр ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.02.2016 15:56 Zakon.kz
Алматыда ел білмейтін тың орындар көп.Соның бірі - жер астынан салынған театр сахнасы. Жерден 4 метр тереңдікте салынған орын осыдан 1 жарым ай бұрын ашылған екен. Бас сұғушылар қарасы бірте көбейіп келеді.

Алматыда жұрт көзінен таса жерде орналасқан орын бұл. Музыкалық күйтабақ, кофе, түрлі жанрдағы басылымдар. Дарья мен Томми деген жұп бұл нысанды өздерінше ерекшелеп алған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Мұнда винилді күйтабақтарды алып, тыңдап, тіпті алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық басылымдарды кофе немесе шай іше отырып оқуға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алматылықтардың арасында өнерді бағалайтындар көп екен. Содан болар келушілер мұнда қарақұрым ағылады дейді.

"Біздің Алматы қаласында осындай демалыс орнын ашудың өзіндік себебі бар. Ашылған күннен бастап келушілеріміз қатары көп. Олар күйтабақтарды тыңдап, тіпті ауыстырып алуына болады. Ең бастысы ол тегін. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы басылымдарды шай іше отырып оқи алады. Осылайша уақытын тиімді пайдаланатынына сенімдіміз. Өзге мемлекеттерде бұл дүние таңсық емес",- деді музыкант Томми Симпсон.

Дәл қазір мен, жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан кәдуілгі бункерде тұрмын. Салынғанына 40 жыл болған бұл жер алғашында қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл жер - нағыз өнер ордасы. Мұнда түрлі сахналандырылған қойылымдар, мәдени іс-шаралар өтеді. Ең қызығы ұялы байланыстың керегі жоқ. Сол себепті алаңсыз демалып, қойылымды тамашалап, рухани байлық ала аласыз.

Сонымен қатар, бұл жерде түрлі жанрдағы фототүсірілімдер, сурет көрмелері де өтіп тұрады. Бір үйдің балаларындай болып кеткен әртістер әр қойылымға тыңғылықты дайындаламыз дейді. Олардың жерасты бункерін таңдауында да өзіндік ерекшелік бар.

"Бұл жер келген күннен бастап бізге ерекше әсер қалдырды. Алғашында бұл жерге күрделі жөндеу жасадық. Қойылымға қажетті дүниелерді өзіміз алып келеміз. Бұл жер біздің екінші үйімізге арналды. Келуіміздің де өзіндік себебі бар. Бұрынғы нысан бізге тар болды. Көп іздедік. Ақырында осы жерді таңдадық, әрине көңілімізден шықты",- деді театр директоры Ксения Кутелева.

Ашылғанына бір жарым ай уақыт болған орында 3 қойылым сахналанып үлгерген. Әртістердің өнерін тамашалауға келетін тұрақты көрермен де бар. Бұдан бөлек, аталмыш жер өзге өнер адамдарын, атап айтсақ фотографтарды, суретшілерді қатты қызықтыратын көрінеді. Жауаптылар жұртты ерекшелігімен баурап алған аумақты жуырда кеңейтуді жоспарлауда. Олар бос тұрған бункердің екінші жағынан көрермендер демалатын орын ашпақ. Сөйтіп, осында келетіндердің саны тағы да ұлғаяды деген болжам бар.

Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев

Фото: movieup.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: