Лента новостей
0

Ресей жалға алып отырған 500 мың гектардан астам жер учаскелері Қазақстанға қайтарылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.02.2016 17:08 Zakon.kz
Ресей Қазақстаннан жалға алып отырған 500 мың гектардан астам жер учаскелерін қайтарады.

Ресей Қазақстаннан жалға алып отырған 500 мың гектардан астам жер учаскелерін қайтарады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Оқас Сапаров мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Еске салайық, Парламент Сенаты «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Хаттамаларға 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған. Министр орынбасарының айтуынша, «Хаттама бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағындағы жалпы алаңы 500 мың гектардан астам полигон учаскелері жалдаудан шығарылады. Айта кету керек, Ресей тарапына нақты қажетті өлшемді анықтау мен әскери полигондар алаңын қайта қарау туралы тапсырманы Елбасы жүктеген. Сонымен қатар, жалға алынып отырған жерді қайтару туралы бастаманы мүдделі министрліктер де, тиісті облыс әкімдіктері де көтерген болатын», деді О. Сапаров. Оның айтуынша, жалға берілуден шығарылатын учаскелерде пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жобалар іске асырылады. Мәселен, Атырау облысындағы «Тайсойған» учаскесінде Уаз және Қондыбай кен орындарында көмірсутекті өңдеу, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының «Жамантау» учаскесінде қиыршық тасты өндіру жобалары жүзеге асырылады.

Одан басқа, Атырау облысының Ақжар кентінде тұрғын құрылыстарды тіркеу жүргізіледі. Осылайша, хаттаманы ратификациялау Қазақстанның экономикалық дамуына оң ықпал ететін болады.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото: mysilverkey.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: