Олимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың формасының дизайны анықталды
Zakon.kz
Комиссия мүшелері киімнің сапасы, тігіс сапасы, дизайны ең басты талаптар екенін ескертті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың спорттық киіммен жабдықталуына орай арнайы құрылған комиссияның 2-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев сынды танымал спортшылар мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер қатысты.
Комиссия мүшелері киімнің сапасы, тігіс сапасы, дизайны ең басты талаптар екенін ескертті. Себебі ең бастысы киімнің спортшылар үшін ыңғайлы болуы өте маңызды.
Комиссия аталған мақсаттағы мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылдады. Отырыста жалпы талаптар, эскиздер мен отандық киім өндірушілердің ұсыныстары ортаға салынды. Айтылған ескертулер мен өзгерістер ескеріле отырып спортшылар формасының нақты дизайны белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына барған спортшылардың киімін өзіміздің отандық компания әзірлеген болатын.
Фото: www.facebook.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript