Лента новостей
0

Ірі өндіруші компаниялар жұмыскерлеріне әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайтты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.02.2016 22:43 Zakon.kz
Мереке күндері жұмысқа шыққандарға, ірі компаниялар екі еселік мөлшерлемемен жалақы төлейді.

Ірі өндіруші компаниялар жұмыскерлеріне әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайтты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері мұнай саласында «ҚаражамбасМұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» АҚ, коммуналдық шаруашылықта - «Батыс Су Арнасы» ЖШС, тау-кен саласында «Соколов-Сарыбай» тау-кен компаниясымен 2016-2018 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалды. Мұнай бағасының құлдырауына және экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, олар жұмыскерлеріне әлеуметтік жәрдемақыларды сақтап қана қойған жоқ, керісінше кеңейте түсті», - дейді ол.

Мәселен, мерекелік күндері жұмысқа шыққандарға олар екі еселік мөлшерлемемен жалақы төлейтін болды. Еңбек кодексінде оның көлемі 1,5 еселік көрсеткіш деп белгіленген. «ҚаражамбасМұнай» АҚ жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тұралап қалса, қызметкерге 60 пайыз жалақы саналатын болды. Өз кезегінде заң бойынша оның көлемі 50 пайызды құрайды.

«Қазіргі уақытта осындай ұжымдық шарттарды «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ, «Үлбі металлургиялық кәсіпорны», «Қазхром» және басқа да компаниялармен жасау жоспарлануда. Еңбек кодексі жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс жасаудың кең мүмкіндіктерін ашып отыр», - деді қауымдастық басшысы.

Еске сала кетейік, 2015 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Еңбек кодексіне қол қойған болатын.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото:www.millioner.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: