Алматыда 7,5 мың текше метр қар сыртқа шығарылды
Алматы тазалықшылары енді қар тазалау барысында жаңа қоспа пайдаланылатын болады. Жауаптылардың айтуынша, ол өз тиімділігін көрсетіп үлгерді. Бұрынғы техникалық тұз бен құм қоспасына қарағанда, бұл әдіс жұмысшылардың жұмысын жеңілдетеді. Яғни, сепкеннен кейін оны қайта тазалаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Бүгін де екі тәулік бойы жауған қарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Оған коммуналдық қызметтен 1230 жұмысшы мен 720 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, жеті жарым мың текше метр қар шығарылды.
"Біз биыл қала бойынша жаңа реагентті пайдаланып жатырмыз. Әл-Фараби, Құлда, Сәтбаев, Абай, Фурманов, Достық, Абылай хан көшелеріне бұл реагенттер себілген. Ендігі жылы оны кеңейтуді жоспарлап отырмыз",- деді Алматы қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Фото: www.kremenchug.ua