Лента новостей
0

ШҚО-да қыздар арасындағы хоккейді дамытуға көп көңіл бөлінуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.02.2016 16:46 Zakon.kz
Шығыс Қазақстанда қыздар арасындағы хоккейді дамытуға барынша көңіл бөлінген.

Өткен айда ғана жергілікті қыздар командасы Австрияда өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Сөйтіп, әлемдік үздіктердің ортасынан ойып тұрып орын алған спортшыларымыз өз шеберліктерінің ешкімнен кем түспейтіндігін көрсетті, деп хабарлайды 24 kz арнасы.

Қыздар тек ән айтып, би билеп, әрі кетсе көркем гимнастикамен айналысу керек деген қағида жоқ. Австриядағы әлем чемпионатынан үшінші орын алып оралған өскемендік хоккейші бойжеткендер осыны дәлелдеді.

"Біздің мақсатымыз жеңіс болатын. Дегенмен үшінші орынға ілігеміз деп ойламаған едік", деді «Устинка» командасының капитаны Александра Кокорина.

"Бұл тарихи оқиға деп айтуға болады. Тұңғыш рет қазақтың хоккейші қыздары осындай қола медаль алып отыр. Қыздарымыз біздің хоккейді тағы бір жоғарғы деңгейде көтерді деп айта аламын", деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Елдос Чикенов.

Хоккейден қыздар командасының іргетасы Өскеменде қаланған десе де болады. Өңірде қыздарды бұл спорт түріне кішкене кезден бастап баулу әдетке айналған. Мәселен Полина Галкинаны әкесі 6 жасынан бастап хоккей спортына беріпті. Ал Диана Москвина болса 5 жасынан бұл спорт түрімен әуестене бастаған.

"Қақпашы барлық команданы құтқара алады. Ойыншылардың мүлт кететін кездері аз емес. Әсіресе қорғаушылардың әлі жетпей жатқан кезде біздің жауапкершілігіміз арта түседі", дейді қақпашы Диана Москвина.

Хоккей спорты қатал да қиын. Ойыншылар епті де көреген болуы қажет. Тіпті салмағы 10 келіден асып кететін хоккейшілер киімін көтеріп жүрудің өзі қыздардан үлкен табандылықты талап етеді. Алайда жеңіс тұғырына көтерілгенде осы қиындықтың бәрі әп-сәтте ұмытылады. Жаттықтырушылардың айтуынша, Австриядағы жеңіс хоккейші бойжеткендердің қайратын шыңдап,мақсаттарын айқындады. Сондай-ақ бүлдіршіндердің осы спорт түріне деген қызығушылығын арттыра түсті.

Э.Ахметова, А.Төлепов

Фото: ru.publika.md

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: