Иран қазақ мұнайын қажет етті
Иран қазақ мұнайын қажет етті. Сарапшылардың сөзінше, еліміз егемендік алған жылдардан бері отандық қара алтын өндірушілері шетелдік ірі мұнай кен орындарына тонналап сапалы мұнай жөнелткен екен, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Осы уақытқа дейін мұнай өндірумен айналысқан Ислам мемлекеті қайта жандану үшін 130 млрд доллар жұмсамақ екен. Бұл - өз кезегінде еліміздің мұнай саудасына жан бітіреді. Алайда мамандар осы саудада жұтылып кетпеу үшін аса сақтықпен жұмыс істеу керектігін айтады.
"Мұнай өндіріліп жатыр. Сол өндіріліп жатқан мұнайдың күш-қуатын жоғалтып алмау - ең басты мақсат. Егер оның күш-қуатын жоғалтып алсақ, сатып отырған нарығымыздан айырыламыз. Қазір белгілі, артық өндіріп жатқан мұнай бар. Біздің сатып отырған нарықты басқа мемлекеттер алып кетуі мүмкін",- деді «KazService» Қазақстандағы мұнай сервистік компаниялар одағының Президиум төрағасы Рашид Жақсылықов.
Фото: expert.ru