Лента новостей
0

Астана әкімдігі көктемде қардың еруінен пайда болуы мүмкін жағдайларға дайындалып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.02.2016 21:05 Zakon.kz
Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен Астана қаласы әкімдігінің кезекті аппарат отырысы қаланы көктемгі кезеңге дайындау және су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналды.

Қазіргі кезде көктемде еріген сулармен жұмыстың қалалық кешенді жоспар әзірленді. 3 ақпаннан бастап әкімнің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, қажетті іс-шараларға дайындық басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, қаланы механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары да коммуналдық қызметтердің тұрақты бақылауында. Күн сайын магистральды көшелер, жолдардың жүретін бөліктері мен аула аумақтары арнайы кесте бойынша қардан тазартылады. Жұмыстар екі ауысыммен, сондай-ақ түнде де жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы қала аумағынан 2 млн. текше метр қар шығарылды. Жалпы жиналған аумақ көлемі 7,6 млн. шаршы м. құрады, соның ішінде қаланың 1 000 км артық көше-жол желісі механикаландырылған жолмен жиналды.

«Биыл нормадан артық қар түсті, сондықтан әрбір учаскеде тұрақты бақылау жүргізу керек. Қардың еруінен пайда болған сумен жұмысты жүзеге асыруға дайын болған жөн», - деді қала әкімі.

Қазіргі кезде қалада су басу қаупі бар 35 бөлік анықталды. Олардың әрқайсысы бақылауға алынды. Есіл, Нұра және Ақбұлақ өзендерінің арнасындағы су тасқыны жағдайларын гидрологиялық бақылау бекеттерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Отырыс барысында ТЖ департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев су тасқынына байланысты орын алатын ТЖ жою үшін 309 адамнан, 49 бірлік техникадан, 12 жүзу құралы мен бір тікұшақтан тұратын топ құрылғанын баяндады. Қажет болған жағдайда 125 адамнан және 48 бірлік техникадан тұратын жедел әрекет ету отряды тартылмақ.

Фото: ic24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: