Лента новостей
0

Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.02.2016 19:20 Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты.

Кеңес мүшелері 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жаңа құрамдағы ЕЭК алқасы жұмысының басталуын есепке ала отырып, Комиссияны реформалау мәселелерін қарастырды. Отырыс барысында ортақ фармацевтикалық нарықты құру бойынша бірқатар актілер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz, primeminister.kz берген мәліметіне сүйеніп.

Бұл қауіпсіздікті арттыруға және медициналық дәрі-дәрмек пен заттардың сапасын жақсартуға жағдай жасап, ЕЭО елдерінің нарығында олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұнай өнімдері мен газды, мұнайдың ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы бойынша ЕЭО-ның Жоғары және үкіметаралық кеңесі шешімдерінің жобасы мақұлданды. Мұндай нарықтар алдағы уақытта мүше-мемлекеттердегі энергия жүйесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Комиссияға өкілетті органдармен бірлесе отырып, ЕЭО жаңа Кедендік кодексі жобасының жұмысын жеделдету жүктелді. Аталған құжатты қабылдау кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, кеден қызметі жүйесіне халықаралық үздік тәжірибені енгізуге бағытталған.

Жалпы алғанда ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар елуден астам мәселені қарастырды.

Фото: www.dailynews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: