Лента новостей
0

Қоғамдық көлікте ұрлық жасайтындар ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.02.2016 20:16 Zakon.kz
Автобуста абай болыңыз! Алматылық тәртіп сақшылары ұры-қарылардан сақ болуды ескертеді.

Екі айдың ішінде алып шаһарда 700-ге жуық ұрлық-қарлық тіркелген. Әсіресе, қоғамдық көліктерде жолаушылардың қалтасын қағатын сұғанақтардың әрекеті тыйылар емес, деп мәлімдейді Алматы телеарнасы.

Алматылық Шынар Ершімбаеваның қуанышында шек жоқ. Қолды болған құжаттары мен қомақты қаржысы жылдам өзіне қайтты. Таңертең әдетінше қоғамдық көлікпен жұмысына бара жатқан келіншектің әмияны ұрланыпты. Оны автобуста байқамай, тек банкке келгенде ғана іздеп, сан соғып қалған. Дегенмен бар-жоғы 15 минуттан соң ұнжырғасы түскен келіншекке полиция қызметкерлері қуанышты хабарды айтып хабарласыпты. Шынар ханым тәртіп сақшыларының шапшаң әрекет еткендігіне дән риза.

"Таңғы сағат 9-да Сейфуллин мен Шевченко көшесінің қиылысына баруым керек болатын. Қоғамдық көлікте адамдар ығы-жығы еді. Кейін өзіме керек аялдамадан түсіп қалдым. Бірақ ол кезде ештеңені де сезбедім. Тек банкке қажетті құжаттарымды алу үшін барғанымда, жеке куәлік пен әмиянымды ұрлатып алғанымды көрдім. Тез табылғанына қуаныштымын",- деді Алматы қаласының тұрғыны Шынар Ершімбаева.

Ұсталған ұры - басқа өңірдің тумасы. Алматыға жұмыс істеу үшін келген күдікті күнделікті нәпақасын жеңіл жолмен табатын көрінеді. Бірақ сол күні сұғанақ арам пиғылын іске асыра алмапты. Онымен бірге автобуста болған полиция қызметкері әйелдердің қызыл әмиянын қолына ұстаған ер адамнан күдіктеніп, алдымен сырттай бақылаған. Суыт жүрістен секемденген тәртіп сақшысының күдігі расталды. Ұры ұсталып, қазір оның осындай басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

"Полицейлер тобы күдік туғызған азаматты біраз уақыт бойы бақылаған. Өйткені күдікті ұры бір автобустан екіншісіне жиі ауысып отыра беріпті. Қалтаға түсіп әбден машықтанып алған олардың жымысқы ісін жәбірленуші тіпті байқамай қалған. Қалада мобильді топ тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында қоғамдық орындарды күндіз-түні бақылайды",- деді Алматы қ. IIД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшылары Алматыда пәтер тонау мен көлік және ұялы телефонды қолды ету қылмыстары жиілеп кеткенін айтады. Мәселен, жыл басынан 657-ден аса заң бұзушылық деректері тіркелген. Оның 200 пәтер тонау фактісі мен 17 ұрлық-қарлық, сондай-ақ 40 көлікті айдап әкету жағдайы дер кезінде әшкереленген.

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов

Фото: kstnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: