Лента новостей
0

«Дипломмен ауылға»: баспана сатып алуға пайызсыз несие беріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.02.2016 16:17 Zakon.kz
Ақтөбелік түлектерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге ынталандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Облысқа қарасты бірнеше аудан Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттерімен келісімшартқа отырған. Дипломы қолға тиген жастар бірден сол аудандарға барады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Баспана сатып алуға 2 млн 900 мың теңге пайызсыз несие беріледі. Сонымен бірге бір реттік көтерме жәрдемақы тағы бар. Өткен жылы 8 дәрігер-маман баспанамен қамтылды. Осындай жолмен кадр тапшылығы мәселесі шешімін тауып жатыр. Былтыр 154 дәрігердің орыны бос тұрса, биыл 94-ке дейін азайды. Білім беру саласында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен 6 жылда 2 мың 385 жас мұғалім аудан-ауыл мектептеріне орналасқан. Медицина университетінің студенті Мөлдір Бөлекбаева диплом алғасын өзінің туған ауылына барғысы келеді.

Бітіруіміздің соңғы жылы. Бұйырса, бітіргеннен кейін өз ауданыма барғым келеді. Өйткені біздің ауданда осы күнге дейін акушер-гинеколог маманы тапшы. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы барлық жағдайды жасайды. Сол себепті ешқандай күмән жоқ. Қазақстанның қандай ауданына шақырса да, барлығында жұмыс жасауға дайынбыз, дейді М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Мөлдір Бөлекбаева.

Фото: egov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: