Tesla балаларға арналған электрокар шығарды
Zakon.kz
Электрокар сағатына 140 Ватт тоқ жұмсайтын батареямен жабдықталды. Балаларға арналған Model S көлігі жылдамдықты сағатына 10 шақырымға дейін арттыра алады.
Атақты Илон Масктың компаниясы балаларға арналған тартуын көктем айларында ұсынбақ. Tesla компаниясы Radio Flyer фирмасымен біріге отырып, электр тоғымен жүретін Model S атты көлікті шығарды, деп хабарлайды 24.kz
Ал Radio Flyer болса, балаларға арналған шағын вагондар мен велосипедтер шығарушы ретінде танымал. Электрокар сағатына 140 Ватт тоқ жұмсайтын батареямен жабдықталды. Балаларға арналған Model S көлігі жылдамдықты сағатына 10 шақырымға дейін арттыра алады. Баланың ата-анасы қалаған жағдайда оны 5 шақырымға дейін төмендетуіне болады, деп жазады ibusiness.ru.
Фото:techcrunch.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript