Лента новостей
0

Бразилияда адамдарды құлдықта ұстаған 340 компания әшкереленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.02.2016 22:54 Zakon.kz
Аталған мекемелер жұмысшыларды адам төзгісіз жағдай мен қорлықта ұстап, еңбектері үшін мардымсыз ақша төлеген, тіпті кейбірін мүлде ақысыз қалдырған.

Бразилияда адамдардың еркін шектеп, еңбегін қанап келген 340 компанияның заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды 24.kz

Олардың былығын жергілікті Reporter Brazil құқық қорғау ұйымы ашқан. Белсенділер жүргізген тергеудің нәтижесінде елдің Еңбек министрлігі құлдықта болған тұрғындарды босатып, оларды қанаған компанияларға айыппұлдар мен белгілі бір мерзімге дейін әр түрлі санкциялар салды. Аталған мекемелер жұмысшыларды адам төзгісіз жағдай мен қорлықта ұстап, еңбектері үшін мардымсыз ақша төлеген, тіпті кейбірін мүлде ақысыз қалдырған. Бұдан басқа, жұмыс берушілер мойнында қарызы бар адамдарды еркінен тыс жұмысқа жегіпті. «Қара тізімге» кірген кәсіпорындар негізінен киім тігу, мал өсіру, отын дайындау және құрылыс жүргізу сияқты істермен айналысқан. Айта кеткен жөн, Бразилия билігі 1995 жылы адам еңбегін қанаудың барын мойындаған болатын. Сол кезден бері ресми мәлімет бойынша 50 мыңға жуық тұрғын құлдық қамытынан құтқарылған.

Фото:namba.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: