Астанада балаларды мемлекеттік балабақшаларға қабылдау басталды
Биыл наурыз айында 240 және 280 орындық бес жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілмек.Алғаш рет қаладағы 91 мемлекеттік балабақшаға сегіз мыңға жуық бала қабылданбақ. №61 орта мектепте балаларды балабақшаларға топтау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл наурыз айында 240 және 280 орындық бес жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға беріледі. Әрбір балабақшада ерекше қарауды қажет ететін балаларға арналған топ құрылмақ.
«Біздің балабақшаны наурыз айында ашу жоспарланған. Жұмыс істеуге толықтай дайынбыз, интерактивті сыныптар, спорт және акт залымыз бар», дейді №89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі Сәуле Атақанова.Балабақшаларға қабылдау 11 наурызға дейін жалғасады.
Фото: akjunis.kz