Лента новостей
0

Каспий өңіріндегі ескі мұнай ұңғымалары экологияға қауіп төндіріп тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.02.2016 17:15 Zakon.kz
Каспий теңізінің қазақстандық секторында бүгінде 32 мыңнан астам мұнай ұңғымасы жұмыс істеп тұр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында бүгінде 32 мыңнан астам мұнай ұңғымасы жұмыс істеп тұр. Олардың жыл сайын жүзден астамы істен шығады немесе ондағы мұнай қоры таусылады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Сондықтан мамандар «мұндай ұңғымаларды залалсыздандыру кезек күттірмейтін шаруа» дейді. Атырауда мұнай өндірушілер мен инвесторлар және өкілетті орган өкілдері бас қосқан жиында осы мәселелер талқыланды. 2010 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарындағы ескі кен алаңдарына сараптамалық тексерулер жүргізілген. Сол кезде Каспий жағалауында суда қалған 1900 ұңғыма мен құрлықта тағы 2 мың ұңғыма бар екені анықталды. Олардың тоқсанға жуығы апатты жағдайда болса, тағы 57-сі түбегейлі залалсыздандырған. Бұл жұмыстар қазір де жүргізіліп жатыр.

"Өндірістеріміз 20-30, тіпті 50 жылдан артық жұмыс істеп жатыр. Сол себепті оның пайдаланып жатқан техникалары қауіпті жағдайға келіп жатыр. Соларды өзгертіп, орнына шетелде болсын, бүкіл әлемде болсын жаңа технологиялар шығып жатыр", дейді Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: