Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде
Алматы облысында 1 млн. 136 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Соның ішінде 64,8 мың шаршы метрі «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша. Жас отбасыларға арналған 2 жалдамалы үй, 41 кезекте тұрған азаматтарға арналған жалдамалы үй, 4 несиелік және 34 коммуналдық үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды Zakon.kz, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы биылғы жылы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, 20 мың шаршы метр жалдамалы үйдің, 36,7 мың шаршы метр несиелік үйдің және «Самұрық-Қазына» қатысуымен 21,3 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді жоспарланғандығын атап өтті. Инженерлік жүйелерді жүргізуге 7,8 млрд. теңге бөлінеді.
Сонымен қатар 9 тұрғын үй кешені бойынша 2590 үлескердің(95,7%) мәселесі шешілгендігі және «Өмірұзақ» кешенінің құрылысын бірінші жарты жылдықта аяқтап, 116 үлескердің мәселесін шешу жайы жоспарлануда.
Фото: strategy2050.kz