Лента новостей
0

Қазақстан делегациясының спорт киiмiнде алғаш рет көгiлдiр мен сары түс қолданылмайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.02.2016 21:33 Zakon.kz
Пиджак пен шалбар қою көк түстi, жейде ақ түстi, ал галстук сары түстi. Белбеудiң түсi аяқ киiмiнiң түсi сияқты көк болады. Ал әйелдердiң формасы екi түрлi, бiрi көк түстi көйлек түрiнде болса, екiншiсi жакет пен белдемше түрiнде.

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшыларының дайындығы мен қатысуы жөнiндегi шұғыл штабтың отырысы барысында жарысқа қатысатын спортшылардың киiмi таныстырылды, деп хабарлайды baq.kz

«Ер адамдарға арналған спорт киiмi пиджак, шалбар, қысқа жеңдi жейдеден, галстуктан тұрады. Киiм Бразилияның ауа райы ескерiле отырып жасалған. Пиджак пен шалбар қою көк түстi, жейде ақ түстi, ал галстук сары түстi. Белбеудiң түсi аяқ киiмiнiң түсi сияқты көк болады. Ал әйелдердiң формасы екi түрлi, бiрi көк түстi көйлек түрiнде болса, екiншiсi жакет пен белдемше түрiнде. Олар да мойындарына сары түстi жұқа орамал тағады. Формада жаздық туфли де қарастырылған. Бұлардың барлығы көпшiлiк шараларға киюге арналған», - дедi «Казлегпром-Алматы» ЖШС директоры Айбек Бектұрғанов.

Ал «Zibroo» компаниясының директоры Елена Свечникова жаттығу мен жарыстарға киюге арналған спорт киiмiн таныстырды.

«Бiз бiрiншi рет Қазақстан туының түсiн пайдаланбайтын болдық. Бұл ұсынысты жасаған жеңiл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина. Дегенмен, бастапқыда көзiмiз үйренiп қалған сүйiктi түстерден арылу қиын болды. Одан кейiн бiз қыша түс пен көк қара түстердiң үйлесiмiн байқадық. Ендi мiне ерлер мен әйелдерге арналған қыша түс пен көк қара түстi форманы жасап көрдiк. Дегемен, бұл соңғы нәтиже емес. Түстер әлi сәл өзгерiске ұшырауы мүмкiн», - дейдi Е.Свечникова.

Оның айтуынша, 20 жылдық тәжiрибесi бар Алматыдағы тiгiн фабрикасы 2011 жылғы қысқы Азия ойындары, Сочи Олимпиадасы, Универсиада мен басқа да маңызды жарыстарға киiм тiккен.

Спорт киiмiнiң таныстырылымына Ольга Шишигина, Юрий Мельниченко, Ермахан Ибраимов, Серiк Сәпиев секiлдi Олимпиада чемпиондары қатысты. Таныстырылым барысында Ермахан Ибраимов чемпиондар спорт киiмiнiң спортшылардың жүрiп-тұрып, жаттығуына ыңғайлы болуын бiрiншi орынға қойғанын айтты.

Фото: news.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: