Лента новостей
0

Қазақстанда инвестициялық саясат кең ауқымда жүргізіле бастайды - Ә. Исекешев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.02.2016 23:06 Zakon.kz
Ендігі күні инвестициялар тартуда тек өңдеуші салаға ғана емес, басқа салаларға да басымдықтар қарастырылады. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, муниципалды инфрақұрылым секілді бағыттар бар.

Қазақстанда инвестициялық саясат кең ауқымда жүргізіле бастайды. Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен кездесуде Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз инвестициялық саясаттың ауқымын кеңейте түсеміз. Бұл ретте Елбасы жаңа экономикалық саясат аясында бюджеттік инвестициялардан мейлінше бас тарта отырып, жеке инвестицияларды барынша тартуды жүктеген болатын. Бұнда негізгі мәселе мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен шетелдік инвесторлар туралы болып отыр. Сондықтан да, былтырғы жыл бойы қабылданған «100 қадам» Ұлт жоспарының басым бөлігі осы бағытқа негізделеді. Осыған байланысты концессиялар туралы, мемлекеттік-жекешелік туралы, ауыл шаруашылығы туралы жаңа заңнамалардың қабылданғаны атауға болады», - деді кездесуде Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, ендігі күні инвестициялар тартуда тек өңдеуші салаға ғана емес, басқа салаларға да басымдықтар қарастырылады. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, муниципалды инфрақұрылым секілді бағыттар бар.

«Осыған байланысты бүгінгі күні жекешелендіру бағдарламасының өзі ірі компанияларды ғана емес, жергілікті нысандарды да қамтып отыр. Бұдан бөлек, жер қатынастары, білім беру және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы заңнамалық өзгерістер инвесторлар үшін тартымдылықты арттыра түспек», - деді министр.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Фото: bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: