Лента новостей
0

Ауаның ластануынан жылына 5,5 миллион адам қайтыс болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.02.2016 20:54 Zakon.kz
Үндістан мен Қытай елдерінде ауаның ластануынан көп адамдардың құрбан болуы тіркелген.

Жаңа зерттеу бойынша әлемдегі 5,5 миллион адам әр жыл сайын ауаның ластануынан қайтыс болады. Атап айтқанда, Үндістан мен Қытай елдерінде ауаның ластануынан көп адамдардардың құрбан болуы тіркелген, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА

Адам денсаулығына заводтар мен электростанция және автокөліктерден шығатын улы газдар қауіпті болып келеді. Егер, ауаның ластануын алдын алмаса, өлім көрсеткіші көбейюі мүмкін. «Ауаның ластануы адам өліміне ықпал етуші ең басты факторлардың бірі» - дейді британдық Колумбия университетінің профессоры Майкл Брауер.

Ғалымдардың жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, Үндістан мен Қытай елдерінде халықтың 55 пайызы ауаның лас болуынан яғни, 2013 жылы Қытай елінде 1,6 миллионға жуық адам ауа сапасының нашарлығынан қайтыс болған. Ал, Үндістанда дәл осы себеппен 1,4 миллион адам көз жұмған.

Қытайда ауа сапасының төмен болуына көмірдің жануы себеп болса, Үндістанда ауа ағаштың жануы мен жылыту жүйесінде қолданылатын заттардың әсерінен ластанады.

Соңғы 50 жыл аралығында Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Жапония мемлекеттерінде ауаның ластануын алдын алу мақсатында сапалы көліктер жүргізіліп, жанармайдың таза түрі пайдаланылуда. Сонымен қатар, электростанция мен заводтарда көмірдің қолданылуына тыйым салынған.

Фото:www.meteovesti.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: