Лента новостей
0

Үш елордалық спортшы күрестен Азия чемпионатынан олжалы оралды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.02.2016 21:41 Zakon.kz
Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші командалық орын алып, Иран мен Қытайды артта қалдырды.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен күрестен Азия біріншілігі аяқталды. Грек-рим күресінен елордалық балуан Досжан Картиков «алтын» алса, «Нұрлан Бекжанов пен Айым Әбділдина еркін күрестен «күміс» еншіледі. Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші командалық орын алып, Иран мен Қытайды артта қалдырды. Қазақстандықтар екі алтын, жеті күміс және сегіз қола медальға қолжеткізді, деп хабарлады astana.gov.kz.

Еске салайық, 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Д. Картиков алғашқы күні-ақ жанкүйерлерін қуантты. Ақтық сында елордалық спортшы өзбекстандық Д. Турдиевтен басым түсті. Қарсыласына ешбір мүмкіндік бермеген Досжан жекпе-жекті 4:0 есебімен аяқтап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Биылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, еркін күрес стилінің балуаны Нұрлан Бекжанов 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде шеберлік байқатып, өз жетістігін тағы да қайталады. Ирак пен Қытай спортшыларынан айласын асырған Нұрлан ақтық сында ирандық спортшыға есе жіберіп алды. Тағы да бір «күміс» 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен аруымыз Айым Әбділдинаның еншісінде. Спортшы финалда қырғызстандық балуаннан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жарысқа Азияның 20 мемлекетінен 270 жуық спортшы қатысты.

Фото: astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: