Шымкентте муай-тайдан алғашқы қала біріншілгі өтті
Шымкентте муай-тайдан алғашқы қала біріншілгі өтті. Сайысты қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz, қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысқан. Шығыс жекпе-жегінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған № 11 спорт мектебінде өткен доданың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Шымкентте енді дамып келе жатқан муай-тай спортынан қала біріншілігі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 110 спортшы жүлдеге таласты. Сайысқа бас төреші Қуандық Сұлтанғали бастаған 20 төреші қазылық етті.
Айта кетейік, Оңтүстікте ақпан айында муай-тай федерациясы құрылған. Федерация президенті болып қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы тағайындалған.
Фото:otyrar.kz