Лента новостей
0

Алматыда сұрықсыз жарнамалар мен заңсыз билбордтар сүріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.02.2016 23:50 Zakon.kz
Ақпан айынан бері экологтар көріктендіруге қатысты заңсыздықтарды анықтап, 100 заңды тұлғаға ескерту жасалған. Ал, 3 кәсіпкер 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 63 мың 630 теңгеден айыппұл арқалаған.

Алматының әрін кетірген кәсіпкерлер жауапқа тартылып жатыр. Ақпан айынан бері экологтар көріктендіруге қатысты заңсыздықтарды анықтап, 100 заңды тұлғаға ескерту жасалған. Ал, 3 кәсіпкер 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 63 мың 630 теңгеден айыппұл арқалаған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Сұрықсыз жарнамалар мен аумағындағы қоқысты тазартпағаны үшін бірнеше күн бұрын мына мекеме жауапқа тартылған. Десе де, айыпты екендіктерін мойындамай отыр. Әуезов ауданының экологтары сауда орталығының иесіне сан мәрте ескерту де жасапты. Бірақ оған да олар пысқырып қарамаған. Енді заңды белшесінен басқан кәсіпкерге 63 мың 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Түсірілім тобын көре сала мекеме иесі дұрыстап жауап беруі былай тұрсын, алды-артына қарамай қаша жөнелді.

"Бізге неге қателіктерімізді түзеуге уақыт бермейсіздер? Арнайы мамандар шақырып, төбеден алатын едік қой. Келіп алып тастайтын еді ғой. Не болды соншама?".

Заң бойынша экологтар жекеменшік кәсіпкерлерге заңсыздықты ескертуге тиіс емес, бірден шара қолдануға құқылы. Десе де, экологтар шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында барынша түсіністік танытып келген. Бірақ қаланың көркін қашыратын кәсіпкерлердің заңсыз тірлігі тыйылмаған соң шара қолдануға мәжбүр.

"Әкімшілік хаттама толтырылады. Арнайы өзіміздің табиғатты қорғайтын полициямыз бар сол кісілер әкімшілік хаттама толтырады. Жағдай қайта қайталанса, айыппұл саламыз",- деді Алматы қ. Әуезов аудандық экология бөлімінің маманы Мадияр Шымырқұлов.

Қалалық биліктің бастамасымен жүзеге асқан "Таза қала" акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Рұқсат қағаздары жоқ билбордтар бірден сүріліп тасталмақ. Айта кетейік, қала келбетіне сәйкес келмейтін жарнама тақтайшалары үшін 20-дан 100-ге дейінгі көлемде айыппұл салынады.

Жадыра Омаржан

Фото:www.lada.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: