Лента новостей
0

Денис Тен жанкүйерлеріне уәде берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.02.2016 15:15 Zakon.kz
Конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионаты 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда (АҚШ) өтеді.

Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп жатқандарына алғыс айтып, Бостондағы әлем чемпионатына дайындалып, онда өнер көрсетуге сөз берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, денсаулығына байланысты спортшы төрт континент Чемпионатына қатысуын тоқтатуға мәжбүр болды. Ол әлеуметтік желілерде де белсенділігін доғарды.

«Құрметті достар, жылы сөздеріңіз бен мен үшін алаңдап отырғандарыңызға рахмет. Жағдайым жақсарды, наурыз айында Бостонда болатын әлем чемпионатына барамын», - деді мәнерлеп сырғанаушы.

Сонымен қатар, Денис Тен әлеуметтік желілерге неге сирек шығатынын түсіндірді.

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланбаймын. Смартфондағы кей қосымшаларды да өшірдім. Әзірге @d10world лентамды және soundcloud парақшамды жаңартамын», - деп жазды Денис инстаграмдағы парақшасында.

Конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионаты 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда (АҚШ) өтеді.

Фото: kazsport.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: