Лента новостей
0

Қазақстан Египет Араб Республикасымен арадағы әуе байланысын қалпына келтіреді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.02.2016 19:20 Фото: zakon.kz
Қазақстан мен Египет арасында тұрақты әуе байланысын ашу мәселесін шешу үшін Инвестициялар және даму минитстрлігі Египеттің авиациялық қауіпсіздік, қазақстандық туристік қауымдастық қызметкерлерімен бірге инспекциялық тексеру жүргізді.

2016 жылдың наурызынан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Алматы – Шарм-эль-Шейх – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің берген мәліметіне сүйеніп.

«Fly Egypt» әуе компаниясы да биыл наурыз айынан бастап аптасына екі рет Қазақстанға тұрақты әуе рейсін жүзеге асыруды көздеп отыр. Әуе компаниясы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Азаматтық авиация комитеті 30 күннің ішінде рұқсат беретін болады.

Қазақстан мен Египет арасында тұрақты әуе байланысын ашу мәселесін шешу үшін ҚР Инвестициялар және даму минитстрлігінің өкілдері Египеттің авиациялық қауіпсіздік, қазақстандық туристік қауымдастық қызметкерлерімен бірге инспекциялық тексеру жүргізді. Шарм-эль-Шейх қаласының (Египет) халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік жүйесін шолу қорытындысы бойынша оң тұжырым берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 31 қазанда Египетте ресейлік ұшақтың апатынан кейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Египет әуе компанияларының Қазақстанға және қазақстандық әуе компанияларының Египетке ұшуын уақытша тоқтату туралы ұсыныс берген болатын.

Фото: www.tourexpi.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: